Skip to main content

Рұқсат кілті істемесе, не істеймін?

"Рұқсат кілтіңіз жарамсыз сияқты. Бұл қате қайтадан пайда болса, қызмет менеджеріңізге хабарласыңыз." деген қате туралы хабар алсаңыз, ақауларды жою үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Буферге автоматты түрде көшірілмеуі мүмкін алғашқы бес таңбаны ("ss://") қоса, толық рұқсат кілтіне кіргеніңізге көз жеткізіңіз. Мұнда толық рұқсат кілтінің мысалы келтірілген (тек үлгі ретінде; жұмыс істемейді):
ss://[email protected]:39485/?outline=1
  1. Рұқсат кілтіңіз буферге мүлдем көшірілмесе, бұл хабар алмасу қолданбаңызға немесе платформаңызға байланысты болуы мүмкін. Мұндай көбінесе контактілер тізімінде жоқ адамнан хабар алған кезде болады. Кодты хабардан көшіріп жатсаңыз, жіберушінің контактілерге қосылғанына көз жеткізіп, сілтеме бойынша қайта кіріп көріңіз.
  2. 1-ші және 2-ші қадамдарды орындағаныңызбен, қате туралы хабар шыға берсе, сервер блокталған немесе рұқсаи кілті жарамсыз болуы мүмкін. Егер қызмет менеджері болсаңыз, өзіңіз үшін жаңа кілт жасап көріңіз. Не болмаса, жаңа кілт алу үшін қызмет менеджеріне хабарласыңыз.