Брандмауэр қателері
Брандмауэр қатесінің үш түрі кездесуі мүмкін:
Сізді желі брандмауэрі блоктауы мүмкін.
Егер мектепте немесе жұмыс орнында брандмауэрмен қорғалған желіге қосулы кезде Outline қолданбасын орнатпақшы болсаңыз, оны басқа желіден орнатып көріңіз.
Мәселе шешілмесе, брандмауэрмен қорғалған желі мен Outline сервері арасында байланыс орнату үшін желі әкімшісіне хабарласыңыз. Орнату скриптісінің соңында көрсетілген Outline серверінің IP мекенжайы мен Outline жұмыс істейтін ұяшықтарды білуіңіз керек.
Сізді құрылғы брандмауэрі блоктауы мүмкін.
Құрылғыңызда стандартты емес ұяшықтардағы шығыс қосылымдарды блоктайтын бағдарламалық құрал немесе танылмаған бағдарламалық құрал (CheckPoint's ZoneAlarm) болса, Outline үшін ерекше жағдай жасау жолын құрылғының не бағдарламалық құралдың құжатынан қараңыз.
Сізді сервер брандмауэрі блоктауы мүмкін.
Таңдаған бұлт қызметтері провайдеріңіз Outline жұмыс істейтін ұяшықтарды ашу үшін сервер брандмауэріне ерекше жағдайларды қолмен жасауды сұрауы мүмкін. Орнату скриптісін іске қосқаннан кейін, сізге Outline серверде іске қосылған екі кездейсоқ ұяшық ұсынылуы керек. Осы екі ұяшықты ашу жеткілікті болуы керек.
Серверіңіздің брандмауэріне ерекше жағдайлар жасау үшін "ufw" және "iptables" құжатымен танысуға кеңес береміз: