Outline қызметіне неліктен қосыла алмаймын?
Outline қызметіне қосыла алмауыңыздың бірнеше себебі бар:
- Құрылғыңыз/client/troubleshooting/connection-issues#Oneинтернетке қосылмаған#Internetissues**.**Кейде құрылғыңыздың желі байланысы үзіліп, желіні көрсететін белгішелер біраз уақыт өткеннен кейін жаңартылуы мүмкін. Сондай-ақ құрылғыңыз жергілікті желіге қосылған, алайда сол желінің интернет байланысы ажыраған да болуы мүмкін.
- /client/troubleshooting/connection-issues#TwoЖелі брандмауэрі Outline серверін#FirewallIssues**#FirewallIssuesпайдалану рұқсатын блоктап жатыр.**Мұндай жағдай көбінесе мектеп, жұмыс сияқты қоғамдық жерлердегі желілерді немесе тегін сымсыз желіні пайдаланғанда болады.
- Құрылғыңыздағы/client/troubleshooting/connection-issues#Threeбрандмауэр немесе антивирустық бағдарлама#SoftwareIssuesOutline серверіне кіру мүмкіндігін блоктап тұр.
- Телефоныңыздағықұрылғы параметрлерінөзгерту қажет болуы мүмкін.
- Қызмет менеджерісерверді бұзған немесе интернет провайдері сұрауыңызды блоктап жатқан болуы мүмкін.
Интернет байланысының мәселелері:
Сынау әдісі:
Outline қолданбасын өшіріп, интернетпен байланыстың бар-жоғын тексеріңіз.
- Бар болса, төменде берілген ақауларды жою опцияларын қараңыз.
- Жоқ болса, байланыс параметрлері жаңартылғанша сәл күте тұрыңыз.
Түзеу қажет нәрселер:
Құрылғыны қайтадан интернетке қосыңыз:
- Дәл сол желіге басқа құрылғыны қосып көріңіз. Егер басқа құрылғылар да интернетке қосыла алмаса, желіде ақау болуы мүмкін. Интернетке қайта қосылғанша күте тұрыңыз немесе желінің ақауларын жоюыңыз керек.
- Егер басқа құрылғылар сол желіге қосылатын болса, интернетпен байланысты қалпына келтіру үшін төмендегі әрекеттердің бірін немесе бірнешеуін орындап көруіңізге болады:
- Құрылғыны ұшақ режиміне ауыстырыңыз (мобильдік құрылғы).
- Құрылғыны өшіріп қосыңыз.
- Құрылғыны 2 минутқа өшіріп қойып, қайта қосыңыз.
Желі брандмауэрінің мәселелері:
Сынау әдісі:
- Қазір қосылып тұрған Wi-Fi немесе сымды желі байланысын ажыратыңыз.
- Басқа желіге, мысалы, мобильдік интернетке қосылыңыз.
- Outline серверіне қайта қосылып көріңіз.
Егер басқа желіге қосылып тұрғанда сервермен байланыс орнатылатын болса, сіздің желіде ақау бар деген сөз.
Түзеу қажет нәрселер:
Қызмет менеджеріне хабарласып, Outline серверіңізге қосылуға рұқсат беруін сұраңыз немесе басқа желіні пайдалана беріңіз.
Брандмауэр немесе антивирустық бағдарлама мәселелері:
Сынау әдісі:
Outline қызметіне басқа құрылғыдан қосылып көріңіз.
Ескертпе: Outline қызметін басқа құрылғыдан пайдалану үшін рұқсат кілті мен Outline қолданбасы қажет болатынын естен шығармаңыз.
Түзеу қажет нәрселер:
Брандмауэрдің немесе антивирустық бағдарламаның параметрлерін тексеріп, VPN және Outline трафигін өткізуге рұқсат етілгеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғы параметрлері:
Тексеру қажет нәрселер:
Android үшін:
- "Параметрлер" қолданбасын ашыңыз.
- Құрылғыңыздағы VPN параметрлерін қараңыз (VPN параметрлері телефоныңызда рұқсатқа ие барлық VPN қолданбасын көрсетеді.)
- VPN параметрлерінде Outline болмаса, оны жойып, қайта орнатыңыз. Орнатылғаннан кейін, құрылғы Outline-ға автоматты түрде рұқсат беруі керек.
Android құрылғысында ешқандай экран оверлейі қолданбасы орнатылмағанына көз жеткізіңіз. Себебі соның әсерінен Outline-ның рұқсаттар терезесі фондық режимге жіберіліп, экрандық режимде көрсетілмеуі мүмкін.
Android құрылғысында "Параметрлер > Қолданбалар > Арнайы қолданба рұқсаты" тармағына өтіңіз. Одан кейін "Басқа қолданбалардың үстінен көрсету" түймесін түртіңіз. Мұндайға рұқсат ететін кез келген қолданбаны пайдалану рұқсатын өшіре аласыз.
iOS үшін: осы анықтамалық мақаланы оқыңыз.
Сервер мәселелері:
Сынау әдісі:
Бірнеше серверге кіруге рұқсатыңыз болса, басқасына қосылып көріңіз.
Түзеу қажет нәрселер:
Қызмет менеджеріне хабарласып, сервердің жойылғаны не жойылмағаны туралы сұраңыз. Жойылған болса, одан басқа сервердіңрұқсат кілтін сұраңыз.
Серверді өзіңіз реттеген болсаңыз, оған Outline Manager арқылы немесеSSH сияқты басқа әдіспен қосылып көріңіз. Мәселе шешілмесе, бұлт қызметтері провайдерінің консоліне (бар болса) кіріп, сервердің интернетке қосылған не қосылмағанын тексеруіңізге болады.