Деректерді және ақпаратты жинау
Келісіміңізді бермесеңіз, Outline жеке ақпаратыңызды жинамайды. Сондай-ақ кірген веб-сайттарыңыз немесе кіммен сөйлескеніңіз туралы ақпарат Outline-ға жіберілмейді.
Outline Manager қолданбасы арқылы үшінші тараптың бұлт қызметтері провайдері бар аккаунт жасайтын не оған кіретін болсаңыз, біз үшінші тараптың бұлт қызметтері провайдеріне жіберілетін электрондық мекенжайыңыз, аты-жөніңіз, төлем ақпараты және төлем туралы мәлімет сияқты ақпаратты жинамаймыз.
Автоматты түрде алатын ақпарат
Ақпараттың екі түрін автоматты түрде жинаймыз.
- Сервердің IP мекенжайы
Серверге соңғы қауіпсіздік жаңартулары мен функция жақсартулары автоматты түрде орнатылған кезде, Quay.io қызметі Outline серверінің IP мекенжайы туралы ақпаратты жинап, оны бізге қолжетімді етеді. Сервердің IP мекенжайы арқылы бұлт серверінің провайдері және Outline сервері реттелген қала анықталуы мүмкін, бірақ онда серверді кімнің басқаратыны немесе оған кірген тұлғалар туралы ақпарат берілмейді.
- Жеке тұлға анықталмайтын техникалық ақпарат
Outline қолданбасы бұзылса, түзелмейтін қате шықса немесе Outline қолданбасы арқылы қолмен пікір жіберсеңіз, төменде көрсетілген ақпарат жіберіледі. Бұл ақпаратты біз қолданба жұмысына қатысты мәселелерді анықтап, оларды шешу үшін ғана пайдаланамыз:
- ел;
- тіл;
- бұзылу/ерекше жағдай орын алған күні мен уақыты және пайдаланушының "Ақпарат" бөлімін ашуы сияқты осыған дейін орындалған 100 іс-әрекет;
- статистикалық түрде жинақталған ерекше жағдай туралы хабарлар;
- операциялық жүйенің атауы және нұсқасы;
- телефон үлгісі (қажет болса);
- қолданбаны іске қосу уақыты;
- браузер;
- архитектура;
- Outline нұсқасы мен құрама нөмірі.
Бұл ақпарат HTTPS протоколы арқылы ашық кодты бағдарлама қателерін бақылауға арналған үшінші тарап провайдері Sentry-ге (sentry.io) жіберіледі. Деректеріңізді рұқсатсыз көруден, таратудан, пайдаланудан және жоғалтудан қорғау үшін Sentry қолданбасы бірқатар стандартты технологиялар мен қызметтерді пайдаланады. Sentry қолданбасының саясаттары жайлы сұрақтарыңыз болса, https://sentry.io/security/ және https://sentry.io/privacy/ беттеріне өтіңіз немесе [email protected] мекенжайына хабарласыңыз. Sentry қолданбасы сақтаған Outline деректерінің барлығы жабық болады және оларды тек Outline қызметкерлері көре алады.
Тек сіздің келісіміңізбен жинайтын ақпарат
Келісім бергеннен кейін, Outline қолданбасы Outline ұжымына келесі ақпаратты жібереді.
- Пайдалану көрсеткіштері
Әрбір Outline сервері соңғы сағатта әрбір рұқсат кілті бойынша тасымалданған байттар санын, пайдаланушының серверге қосылған уақытын, пайдаланылған тіркелу деректері шыққан автономдық жүйелер мен елдерді және қандай да бір функциялардың қосылғаны немесе өшірілгені туралы ақпаратты автоматты түрде жинайды. Хабарлардың мазмұны немесе жеке тұлғаны анықтайтын метадеректер (мысалы, логиндер, электрондық пошталар, құрылғы идентификаторлары және т.б.) жиналмайды. Көрсеткіштердің барлығы сервер идентификаторымен байланыстырылады. Сервер идентификаторын өзгерту туралы нұсқауларды осы жерден таба аласыз.
Әдепкісінше Outline серверлері бұл көрсеткіштерді Outline ұжымына жібермейді. Сервер әкімшісі трафик көрсеткіштерін бөлісуге анық түрде рұқсат берген болса, бұл ақпарат Outline қызметкерлеріне сағат сайын құпия түрде жіберіледі. 60 күн өткеннен кейін, трафик көрсеткіштері ел деңгейінде жинақталады. Сервер әкімшілері Outline Manager қолданбасының "Параметрлер" мәзірін ашып, трафик көрсеткіштерін бөлісу параметрін кез келген уақытта өзгерте алады.
Серверіңіздің пайдаланылуы туралы анонимді көрсеткіштерді бізбен бөліссеңіз, оларды қолданыс динамикасын өлшеу және өнімді жақсарту үшін пайдаланамыз.
Мысалы, сервер әкімшісі трафик көрсеткіштерін бізбен бөлісуге рұқсат берсе, біз идентификаторы 12345 болатын сервердің кеше 3 сағат пайдаланылғаны, жалпы 500 мегабайт көлеміндегі деректің тасымалданғаны, АҚШ және Канадада пайдаланылған үш кілттен кіргені және трафик шектері функциясының қосылғаны туралы ақпарат аламыз.
- Пікір жіберсеңіз, пікірлеріңіз бен электрондық поштаңыз туралы ақпарат жіберіледі
Outline Manager және Outline қолданбаларында ұжымға пікір жіберу мүмкіндігі бар. Жеке тұлғаны анықтайтын ақпаратты жібермегеніңіз дұрыс, бірақ ұжымнан жауап алғыңыз келсе, электрондық пошта өрісін пайдалануыңызға болады. Пікіріңізді жетік түсіну үшін біз автоматты түрде кейбір жалпы ақпаратты да жинауымыз мүмкін. Біз жинайтын деректер жоғарыдағы "Біз автоматты түрде жинайтын ақпарат" бөлімінің астындағы 2-тармақта берілген. Outline қолданбасының қауіпсіздік пен құпиялыққа қатысты шаралары туралы толық ақпаратты осы жерден көріңіз.
Android жүйесіндегі Outline қолданбасының бета нұсқасын пайдалансаңыз, мәселелерді анықтап, Outline қолданбасын жақсартуға көмектесетін түзету туралы ақпаратты жинау үшін Google-дың Firebase қызметін пайдалануымыз мүмкін. Firebase қызметінің құпиялық және қауіпсіздік саясаттары туралы толық ақпаратты оның веб-сайтынан көре аласыз: firebase.google.com/support/privacy. Outline қолданбасының бұл ақпаратты Firebase арқылы жіберуін қаламасаңыз, қолданбаның жұмыс нұсқасын пайдаланыңыз.