Skip to main content

Пікір немесе ұсыныстар жіберу жолы

Outline-ды жақсартуға көмектескеніңіз үшін рақмет! Бізге анонимді түрде немесе электрондық поштаңыз (егер сізге жауап қажет болса) арқылы пікіріңізді жіберудің бірнеше жолы бар:

  • Әзірлеушілер үшін: Outline – ашық кодты бағдарламалық құрал, сондықтан барлық кодымызды GitHub-та сақтаймыз. Идеяларыңызды GitHub сайтында немесе Reddit қауымдастығында бөлісе аласыз.
  • Пайдаланушылар үшін: Outline немесе Outline Manager қолданбалары арқылы бізге пікір жібере аласыз. Пікіріңіздің не туралы екенін айтыңыз және сізге жауап жазғанымызды қаласаңыз, электрондық пошта мекенжайыңызды қалдырыңыз. Сондай-ақ сізге ақауларды жоюға көмектесу үшін браузер, операциялық жүйе және қолданатын бағдарламалық құрал нұсқасы сияқты ортаңыз туралы біраз метадерек жинаймыз.
  • Осы сайт арқылы: "Бізге хабарласу" сілтемесін осы сайтта көрген кез келген жерден баса аласыз.
  • Күрделі мәселелер: егер қауіпсіздікке қатысты күрделі мәселе туралы хабарлағыңыз келсе, бізге [email protected] мекенжайы арқылы электрондық хатпен егжей-тегжейлі ақпарат беріңіз.

Уақытыңызды бөліп, бізге өз ойыңызды білдіргеніңіз үшін рақмет!