Skip to main content

Рұқсат кілттеріне трафик шектерін қалай орнатуға болады?

Барлық рұқсат кілтіне қолданылатын трафик шегін орната аласыз. Шек орнату үшін Outline Manager қолданбасын ашып, параметрлерге өтіңіз. Ондағы трафик шектерінің ауыстырғышын қоссаңыз, шек орнатасыз.

Data limits setting in Outline Manager

Орнатып болған соң, әр пайдаланушының рұқсат кілті бетінде белгіленген шекке қаншалықты жақындағанын көре аласыз. Сол беттегі бағаналы диаграммада соңғы 30 күндегі дерек шығыны көрсетіледі.

Outline Manager's Access Key page

Барлық рұқсат кілтіне шек орнату мүмкіндігімен қоса әр кілтке өз трафик шегін қоя аласыз. Бұл параметр сіз орнатқан кез келген әдепкі трафик шегін қайта анықтайды. Бірақ әдепкі мәнін орнатпаған болсаңыз да, кез келген кілт үшін шекті реттей аласыз.

Кілттің деректерді тасымалдау шегін орнату үшін Outline Manager-ді ашып, орнатқыңыз келетін кілті бар "Қосылымдар" қойындысына өтіп, кілт жолының оң жағындағы мәзірді басыңыз. Сол жерден "Трафик шектері" түймесін басыңыз. "Рұқсат кілтім" бөліміндегі трафик шектерін өзгерту үшін "Трафик шектері" белгішесін Бұл сурет қолжетімді емес, себебі оны көруге рұқсатыңыз жоқ немесе ол жүйеден жойылған. басыңыз.

Selecting the data limit setting icon for an individual access key

"Арнаулы трафик шектерін орнату" ұяшығын белгілеңіз. Бұл ұяшықты белгілегеннен кейін, аталған кілт үшін арнаулы трафик шектерін орнатуға болатын өріс шығады. Аяқтағаннан кейін, трафик шегін сақтау үшін "САҚТАУ" түймесін басыңыз.

Setting a data limit for an individual access key

Таңдалған кілт үшін деректер тасымалдау шегі сақталғаннан кейін, бұл шек әр кілттің деректер трафигімен (соңғы 30 күн ішінде) бірге негізгі экранда көрсетіледі.

Рұқсат кілтінен трафик шегін өшіру үшін бұрынғыдай кілттің "Трафик шегі" диалогтік терезесіне өтіп, "Арнаулы трафик шектерін орнату" ұяшығынан белгіні алып тастап, "САҚТАУ" түймесін басыңыз.

Removing the data limit on an individual access key

Трафик шегі жөніндегі сұрақ-жауаптар

30 күндік құбылмалы шек деген не?

30 күндік құбылмалы трафик шегі әр кілттің соңғы 30 күнде пайдаланылуын қорытындылап, белгіленген шекке сәйкес пайдаланылуын қадағалайды. Осылайша кілт кез келген 30 күндік мерзімде, соның ішінде 30 күндік не оған жетпейтін күнтізбелік айларда шектен аса алмайды. Яғни күн сайын әр пайдаланушының қолжетімді трафигі 31 күн бұрын пайдаланылған трафиктің көлеміне сәйкес артып отырады.

Outline неге құбылмалы шектерді пайдаланады?

Құбылмалы шектер әрбір 30 күндік кезеңге кепілдік береді. Яғни оларды конфигурациялау қайталанатын шекке (мысалы, айдың реттелмелі күніне) қарағанда оңайырақ әрі олар ұқсас кепілдік ұсынады. Олар Outline деректер трафигінің, сондай-ақ аналитика қызметтері мен сервер статистикасы сияқты жалпы құралдардың қолданыстағы көрінісіне де сәйкес келеді.

Трафик шегінде қандай деректер есепке алынады?

Әр рұқсат кілтінің серверден шығысы есепте қамтылады. Дәлірек айтқанда, мұнда серверден кілт атынан жіберілетін, сондай-ақ клиентке қайтарылатын деректер меңзеледі. Іс жүзінде ол кілттен серверге және кері жіберілген трафикпен шамалас болуы тиіс, сондықтан ол пайдаланушыларыңыздың есептеріне сәйкес келеді деп үміттенеміз. Біз шығысты таңдадық, өйткені сауалнамамызға қатысқан бұлт қызметтері провайдерлері сол үшін төлем алатын болып шықты.

Егер трафик шегі таусылса, бұл туралы пайдаланушыларға хабарлана ма?

Әзірге ондай мүмкіндік жоқ. Көптеген бұлт қызметтері провайдері бүкіл айға 1 ТБ сияқты шекті қояды, оны 10 пайдаланушыға 100 ГБ-тан немесе 100 пайдаланушыға 10 ГБ-тан бөлуге болады. Бұл шек аз емес және оны барлық пайдаланушы тауыса алады деп ойламаймыз. Шегіне жеткенде пайдаланушылар сервер басқарушыларына хабарласады деп үміттенеміз. Трафик шегін пайдалануыңызға хабарландырулардың қаншалықты пайдалы болатыны жайлы пікіріңізді білгіміз келеді. Бізгеосы жерде хабарласуыңызға болады.

Трафик шегі таусылуға жақындаса, бұл туралы пайдаланушыларға хабарлана ма?

Пайдаланушы өз шегіне жақындаған кезде алатын жаңа деректердің көлемі күн сайын өзгеріп отырады, өйткені ол 30 күн бұрынғы пайдалануына байланысты болады. Ескерту көмектескеннен гөрі түпкі пайдаланушыларды шатастырады деп ойлаймыз. Осы әрекет туралы пікіріңізді білгіміз келеді. Оныосы жерде қалдыра аласыз.

Пайдаланушының дерек трафигін бастапқы күйіне қайтара аламын ба?

Жоқ. Пайдаланушы шегіне әрдайым деректерді пайдаланудың соңғы 30 күні кіреді. Алайда оның кілтінің трафик шегін көтеруге немесе оған жаңа кілт жасауға болады.

Трафик шектерін қоса салысымен, кейбір пайдаланушыларым неге кіре алмай қалды?

Трафик шектері пайдаланушылардың алдыңғы 30 күндегі деректерді тасымалдауына байланысты, ол трафик шектерінің қосылған-қосылмағанына қарамастан жазылады. Қарастырылып отырған пайдаланушылар шек белгіленгенге дейін одан асырып жіберген болуы мүмкін. Сондай-ақ бір кілттің трафик шегін өзгерткен жағдайда да, барлық трафик шегі іске қосылатынын ескеріңіз.

Бүкіл серверге "30 күнде 1 TБ" сияқты шек орната аламын ба?

Әзірге ондай мүмкіндік жоқ. Трафик шегін пайдалануыңыз туралыосы жерде толығырақ айтып бергеніңізді қалаймыз.

Егер әдепкі трафик шегі де, белгілі бір кілттің трафик шегі де орнатылған болса, қайсысы қолданылады?

Белгілі бір кілттің трафик шегі сіз орнатқан кез келген әдепкі трафик шегін (бар болса) қайта анықтайды.

Әдепкі трафик шегін орнатпай-ақ, белгілі бір кілт үшін трафик шегін орната аламын ба?

Иә. Бір кілтке трафик шегін орнату үшін әдепкі шекті белгілеудің қажеті жоқ. Мысалы, өзіңіз кеңінен қолданылады деген бір кілтке шек орната аласыз. Осылайша сол кілт арқылы деректердің шамадан тыс тасымалдануынан өзіңізді қорғайсыз.