Outline серверін реттеу туралы сұрақ-жауап
Outline қызметін серверсіз пайдалануға бола ма?
Өкінішке қарай, болмайды. Outline бағдарламалық құралын сіз, ұйымыңыз немесе сенімді үшінші тарап басқаратынына қарамастан, ол серверге қосылуы керек.
Outline серверін реттеуге қанша уақыт кетеді?
Көп жағдайда максимум 5 минут кетеді. Outline-ды кез келген бұлт серверіне орната аласыз. Бұл ретте біз пайдалануға ыңғайлы және басқарылатын орнату мүмкіндігін ұсыну үшін DigitalOcean-мен жұмыс істейміз. Скриптілер жоқ — бірнеше түймені басып-ақ серверіңізді конфигурациялай аласыз.
AWS, GCP немесе кеңейтілген реттеу опциясын таңдау жағдайлары үшін серверді орнату процесін көптеген ортада қолдануға болатын бір скриптіге дейін жеңілдеттік.
Outline серверін қайда орнатуға болады?
Outline серверін көптеген бұлт қызметтері провайдеріне (олар қайда жұмыс істесе де) орнатуыңызға болады.
Ең оңай жолы – оны DigitalOcean платформасына орнату. Өйткені оның Амстердам, Торонто, Сан-Франциско және Сингапур сияқты бірнеше жерде серверлері бар. Егер оны басқа бұлт қызметтері провайдеріне немесе өзіңіздің инфрақұрылымыңызға орнатқыңыз келсе, Outline Manager қолданбасынан "Озық режим" тармағын таңдап, реттеу скриптісі арқылы орнату нұсқауларын орындауыңызға болады.
Outline серверін қайда орнатуым керек?
- Outline сервері үшін орын таңдау кезінде бірнеше жайтты ескеру қажет:
- Outline серверінің орналасқан жері пайдаланушылардың интернетті қалай пайдаланатынына әсер етеді. Мысалы, егер сервер Амстердамда орналасқан болса, оған кірген пайдаланушы интернетті Нидерландыда отырғандай пайдаланады. Кейбір веб-сайттар тіпті голланд тілінде көрсетілуі мүмкін. Әдетте веб-сайттағы тілді таңдау құралы арқылы жергілікті тілді қайта анықтауға болады.
- Пайдаланушылар мен Outline сервері арасындағы қашықтық жылдамдығыңызға әсер етуі мүмкін. Әдетте Outline пайдаланушылары мен сервер арасындағы физикалық қашықтық пайдаланушылардың интернет жылдамдығына әсер етеді. Көп жағдайда болжалды пайдаланушылар тұратын жерге ең жақын сервер орнын таңдауыңызға болады, бұл ретте еліңізге немесе аймағыңызға қандай интернет кабельдері қосылатынын Суасты кабельдері картасынан көре аласыз.
- VPN серверіңіз орналасқан жер құқықтық негізге әсер етуі мүмкін. Outline бағдарламалық құралы трафигіңізді тіркемейтінін ескеріңіз. Outline-ды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік және құпиялық туралы толық ақпарат алыңыз.